Астана қаласында өткен кассациялық сот Бақытжан Байжанов-тың жазасын жеңілдету туралы шағымды қарады. Нәтижесінде сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырмай, бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешіміне сәйкес, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі және Астана қалалық сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы күшінде қалды. Осылайша, қорғау тарапы ұсынған барлық уәждер негізсіз деп танылды.
Судья Ерлік Сәралин шешімді жариялап, кассациялық сот алқасы істі қайта қарауға немесе жазаны жеңілдетуге негіз таппағанын жеткізді.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың қазасы туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал негізгі іс бойынша Қуандық Бишімбаев әйелін азаптап өлтіргені үшін 24 жылға сотталып, жазасын өтеуде.
