Жаңа вице-премьер жұмысын Алматы қаласын тексеруден бастады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мегаполистегі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік нысандарды аралап, бірқатар ірі жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында ол Алматы әуежайындағы инфрақұрылымды дамыту жобаларын көрді. Атап айтқанда, перрон ғимараты, ұшақтарды мұздан тазарту алаңы, жаңа жүк тұрақтары мен ішкі рейстер терминалын жаңғырту жұмыстары таныстырылды.
Жаңа халықаралық терминалдың аумағы 56 мың шаршы метрді құрайды. Оған 93 млрд теңге инвестиция салынған. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін артқан.
Әуежайды басқарып отырған TAV Airports Holding компаниясы алдағы бес жылда 360 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында терминалдарды реконструкциялау, ұшу-қону жолағын жөндеу, жаңа қонақүй мен көпқабатты автотұрақ салу көзделген.
Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысы Қазақстанды аймақтағы жетекші транзиттік экономикаға айналдыру міндетін қойғанын атап өтті.
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді