turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалық

Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2026
in Басты жаңалық
0
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды

Оқу-ағарту министрлігі

0
SHARES
6
VIEWS

2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Негізгі міндет — оқушы орындарының тапшылығын азайтып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына жағдай жасау.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 62 мың оқушы орнына арналған 57 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуы қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтып, балалардың заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді.

Жаңа мектептердің ең көбі Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Түркістан облыстарында ашылды. Оларда оқу сабақтарын өткізуге, спортпен шұғылдануға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға қажетті жағдайлар қарастырылған.

Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жұмыстары да жалғасуда. Құрылыс Арнаулы мемлекеттік қордың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, жергілікті бюджеттердің қаражаты және тартылған жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1300 мектепті реновациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама мектеп ғимараттары мен материалдық-техникалық базаны жаңартуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру инфрақұрылымының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту және еліміздің барлық өңірінде балалардың білім алуына тең жағдай жасау бағытындағы жұмыс жалғасады.

Алдыңғы пост

Қытайда білім алған қазақстандықтар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қоса алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Қыркүйек 2026
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі