turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

«БҰҰ Жарғысы – қалауыңа қарай қолданатын құрал емес»: Тоқаев Астанада маңызды мәлімдеме жасады

22 Сәуір, 2026
in Uncategorized
0
«БҰҰ Жарғысы – қалауыңа қарай қолданатын құрал емес»: Тоқаев Астанада маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Ақорда

0
SHARES
3
VIEWS

Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселеге тоқталды.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының маңызын атап өтіп, оны ішінара емес, толық әрі мүлтіксіз орындау қажет екенін айтты.

«Біз беталысы беймәлім, аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бұл жағдай өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның өмір сапасына әсер етуде. Соның салдарынан даму мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс ресурстар босқа жұмсалып жатыр. Мұндай жағдайда халықаралық қоғамдастықтың рөлі ерекше. Сексен жыл бұрын құрылған БҰҰ әлі күнге дейін баламасы жоқ әмбебап диалог алаңы болып қала береді. Алайда әлем түбегейлі өзгерді. Жасанды интеллект адамзат өміріне терең енді. Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысы жиі айтылғанымен, ол – қалауыңа қарай тапсырыс беретін жеңсік ас емес», – деді Президент.

Тоқаев халықаралық құқық нормаларын таңдаулы түрде қолдануға жол бермеу қажеттігін де атап өтті.

«БҰҰ Жарғысын біртұтас құжат ретінде қабылдап, оның қағидаттарын толық сақтау қажет. Халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты оны өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болған жөн. Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімді сақтау маңызды. Өкінішке қарай, кейбір ірі халықаралық ұйымдардың беделі күрделі мәселелерді шешуге жетпей жатады», – деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост

Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң мақұлданды

Келесі жаңалық

АҚШ Ресей мен Иран мұнайына қатысты санкция жеңілдіктерін бір айға ұзартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі