turanaqparat.kz
РУС ENG
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
leadernews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Uncategorized

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін арттыруы мүмкін

3 Сәуір, 2026
in Uncategorized, Экономика
0
ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін арттыруы мүмкін

Фото: gov.kz

0
SHARES
11
VIEWS

ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел 5 сәуірде мұнай өндіру квоталарын ұлғайту мәселесін талқыламақ. Бұл шешім әзірге нақты жеткізілім көлеміне тікелей әсер етпейді, бірақ Ормуз бұғазы қайта ашылған жағдайда өндірісті жедел арттыруға дайын екенін білдіреді.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл қадам нарықтағы ұсынысқа айтарлықтай ықпал етпейді. Себебі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына байланысты Ормуз бұғазы жабық күйінде қалып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл – нарыққа берілген «сигналдық» шешім. «Кем дегенде, қағаз жүзінде жауап беруіміз керек», – дейді дереккөздердің бірі.

Иранға қарсы қақтығыс мұнай жеткізіліміндегі ең ірі үзілістердің біріне айналды. Нәтижесінде ОПЕК-тің негізгі өндірушілері – Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері өндірісті қысқартуға мәжбүр болды. Айта кетейік, әлемдік мұнай саудасының 20%-дан астамы Ормуз бұғазы арқылы өтеді.

Ал Қазақстан, Ресей, Алжир және Оман үшін бұғаздың жабылуы тікелей әсер етпегенімен, олардың өндірісті арттыру мүмкіндігі шектеулі.

Нарықтағы жағдайды мұнай бағасы да көрсетіп отыр: Brent маркалы мұнай құны барреліне шамамен 120 долларға дейін өсіп, соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Сонымен қатар Ресейдегі өндіріс көлемі украиналық дрон шабуылдары салдарынан төмендеп жатыр.

Бұл ретте Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері балама экспорт бағыттарын белсенді пайдаланып жатыр. Саудия мұнайды Қызыл теңіздегі Янбу порты арқылы тасымалдаса, БАӘ Фуджейра портына сүйенуде.

Айта кетейік, 1 наурыздағы соңғы отырыста ОПЕК+ сәуір айына арналған өндірісті тәулігіне небәрі 206 мың баррельге ғана арттыру туралы шешім қабылдаған еді.

2016 жылы құрылған ОПЕК+ альянсы мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында өндіріс көлемін үйлестіріп, жаһандық энергетика нарығында маңызды рөл атқарып келеді.

Алдыңғы пост

Тоқаев ғылым мен жоғары білімді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

Келесі жаңалық

Шаш жұлып, тас лақтырған: Алматыда қайыр сұраған топ тұрғындарға шабуыл жасаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сәуір 2026
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
«    
Turanaqparat.kz ақпарат агенттігіне 2023 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ куәлігі берілген.
Телефон:+7 778 611 6713
Почта: info@turanaqparat.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде turanaqparat.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты жаңалық
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Таным
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Сұхбат

Turanaqparat.kz ақпарат агенттігі